Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 239 266 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй


Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
![]() |
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
![]() |
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||
![]() |
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
![]() |
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||
![]() |
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
![]() |
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||
![]() |
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
![]() |
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||
![]() |
Уикисабақ Білім қоры
|
![]() |
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||
![]() |
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
![]() |
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс • Грузиядағы наразылық шаралары • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы, Курск облысындағы шайқастар)

- 25 мамыр — Хоккейден әлем чемпионатында АҚШ құрамасы алтын жеңіп алды.
- 24 мамыр — Канн кинофестивалінде Алтын пальма бұтағын ирандық режиссёр Джафар Панахи түсірген «Кәдімгі кездейсоқтық» фильмі алды.
- 18 мамыр — Румыниядағы президенттік сайлау нәтижесінде Никушор Дан Румынияның президенті болып сайланды.
- 17 мамыр — Аустриялық әнші JJ (суретте) Eurovision 2025 ән байқауында «Wasted Love» әнімен жеңіске жетті.
- 8 мамыр — XIV Лео Католик шіркеуінің Рим папасы болып сайланды.
- 28 сәуір — Канададағы федералдық сайлау нәтижесінде Марк Карни бастаған Либералдық партиясы азшылық орынға ие болды.
Білгенге маржан
- Балаға ата-анасының гені 50/50% бірдей бөлініп беріледі. Бұл еркектер әйелдерден артық, еркектер әйелдерден бір саты жоғары тұру керек деген аңызды (миф) толықтай жоққа шығаруға жеткілікті. Бұл еркек пен әйелдің теңдігінің бір дәлелі.
- Адамда ДНҚ спиралдарынан тұратын барлығы 46 хромосома бар оның тең жартысы жыныстық мүшелерде сақталады.
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
27 мамыр

Оқиғалар
- 1199 — Рим Папасы III Иннокентий діни қызметкерлерге алғашқы тікелей папалық салық салды.
- 1703 — I Пётр Петропавл қамалының негізін қалады. Санкт-Петербург қаласының құрылған күні.
- 1844 — Морзе әдісі бойынша алғашқы хат жіберілді.
- 1873 — Ханзада Эдуард Аралының тұрғындары Канадаға қосылу туралы шешім қабылдады.
- 1920 — Татар АКСР-ның құрылуы.
- 1922 — Ватикан Палестина аумағында еврей мемлекетін құру жоспарларын қатты сынға алды.
- 1937 — Сан-Францискода «Алтын қақпа» (суретте) көпірі салтанатты түрде ашылды.
- 1940 — Екінші дүниежүзілік соғыс: Бельгия капитуляция туралы құжатқа қол қойды
Дүниеге келгендер
- 1332 — Ибн Халдун, араб тарихшысы, әлеуметтанушы, философ.
- 1794 — Корнелиус Вандербильт, америкалық кеме және теміржол магнаты.
- 1879 — Карл Бюлер, неміс психологы және лингвист.
- 1897 — Джон Кокрофт, ағылшын физигі, физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1951).
- 1923 — Генри Киссинджер, америкалық мемлекет қайраткері, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (1973).
- 1956 — Джузеппе Торнаторе, итальяндық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер, Оскар және BAFTA сыйлықтарының иегері.
Қайтыс болғандар
- 1525 — Томас Мюнцер, неміс гуманисті және теологы, шаруалар көтерілісінің жетекшісі.
- 1564 — Жан Кальвин, швейцариялық діни реформатор, кальвинизмнің негізін қалаушы.
- 1762 — Александр Готтлиб Баумгартен, неміс философы, эстетика терминінің авторы.
- 1762 — Гракх Бабеф, француз революционері, утопияшыл коммунист, ғылыми коммунизмнің алғашқы өкілдерінің бірі.
- 1840 — Никколо Паганини, итальяндық композитор.
- 1910 — Роберт Кох, неміс дәрігері және микробиологы, Физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1905).
- 1964 — Джавахарлал Неру, Үндістанның бірінші премьер-министрі.
- 1987 — Джон Говард Нортроп, америкалық биохимик, Химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1946).
Мамыр айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!