Марк Карни
Марк Карни ағылш. Mark Carney | ||||
![]() Карни, 2020 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
14 наурыз 2025 жылдан бастап | ||||
Монарх | III Чарльз | |||
Ізашары | Джастин Трюдо | |||
| ||||
9 наурыз 2025 жылдан бастап | ||||
Ізашары | Джастин Трюдо | |||
| ||||
1 шілде 2013 — 15 наурыз 2020 | ||||
Ізашары | Мервин Кинг | |||
Ізбасары | Эндрю Бейли | |||
| ||||
1 ақпан 2008 — 3 маусым 2013 | ||||
Премьер-Министр | Стивен Харпер | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Либералдық партия | |||
Білімі | 1) Гарвард университеті (1988) 2) Оксфорд университеті (1993, 1995) | |||
Ғылыми дәрежесі | экономика бойынша философия докторы (1995) | |||
Діні | католицизм | |||
Дүниеге келуі | 16 наурыз 1965 (60 жас) Форт-Смит, Солтүстік-Батыс территориялары, Канада | |||
Туған кездегі есімі | Марк Джозеф Карни (ағылш. Mark Joseph Carney) | |||
Жұбайы | [1] | |||
Балалары | 3 | |||
Сайты | markcarney.ca | |||
Қолтаңбасы | ![]() | |||
Марапаттары |
| |||
Марк Карни Ортаққорда | ||||
өңдеу ![]() |
Марк Джозеф Карни (ағылш. Mark Joseph Carney; 16 наурыз 1965 жыл, Форт-Смит, Солтүстік-Батыс территориялары) — канадалық экономист және саясаткер, 2025 жылғы наурыздан бергі Канада премьер-министрі және Либералдық партияның көшбасшысы. Бұрын Карни 2013 жылдан 2020 жылға дейін Ағылшын банкісінің басшысы және 2008 жылдан 2013 жылға дейін Канада банкінің басшысы қызметтерінде болды.
Карни Форт-Смит, Солтүстік-Батыс территориялары дүниеге келді де, Эдмонтон, Альбертада тәрбие алған. 1988 жылы ол Гарвард университетінде экономикадан бакалавриатын бітіріп, Оксфорд университетінде 1993 жылы магистратура мен 1995 жылы докторантура алды. Карни Goldman Sachs-та сәл қызмет етті де, 2003 жылы Канада банкі басшысының орынбасары тағайындалды. 2004 жылы ол Канада Қаржы департаменті министрінің аға біріккен орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылы Карни Канада банкінің басшысы болды да, жаһандық қаржы дағдарысы кезіндегі Канаданың ақша-несие саясатын басқарды. Бұл лауазымды 2013 жылға дейін иеленген ол Ағылшын банкісі басшысы болып тағайындалды. Бұл лауазымда ол Ұлыбритания орталық банкінің Brexit-ке және COVID-19 пандемиясының бастапқы кезеңдеріне реакциясына жауапты еді.
Банкирліктен кеткен Карни кейін Brookfield Asset Manager-дің импакт-инвестициялауының төрағасы және Bloomberg директорлар кеңесінің төрағасы еді.[2] Ол, оған қоса, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) жаһандық жылыну және қаржы елшісі болып тағайындалды.[3][4] Карни тағы премьер-министр Джастин Трюдоның бейресми кеңесшілерінің бірі және 2024 жылғы қыркүйектен бастап Либералдық партия экономикалық өсім мақсатты тобының басшысы болды. 2025 жылғы қаңтарда ол Либералдық партия басшылығына өз үміткерлігін ұсынды да, сол жылғы наурызда жеңіп шықты.[5]
Ерте жылдары және білімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Марк Джозеф Карни 1965 жылғы 16 наурызда, Форт-Смит, Солтүстік-Батыс территорияларында туған.[6][7] Анасы Верли Маргарет (туғанында Кемпер) үй шаруасындағы әйел еді және әкесі Роберт Джеймс Джастин Карни орта мектеп директоры болған.[8][9][10][11] Төрт ата-әжелерінің үшеуі ирландиялық еді, Мейо графтығындағы Ахагауэрден.[12][13] Карни алтыда болғанда оның отбасы Эдмонтон, Альбертада тұрды.[7] Роберт Карни 1980 жылы Оңтүстік Эдмонтон федералдық округінен депутаттыққа үміткерлігін ұсынған еді, алайда жеңілді.[14] Карни онда болғанда анасы университетке оралды, білім беру саласында оқуын бастады.[8] Карнидің үш ағайындысы бар: аға мен әпкесі Шон мен Бренда және інісі Брайан.[7][11]
Марк Карни Гарвард университетінде ішінара стипендияға оқыды.[7][8][15] Оқуы кезінде ол хокей ойнайтын.[16] 1988 жылы ол экономика бакалавриатына ие болды.[7] Ол кейін Оксфорд университетінің Әулие Пётр колледжі мен Наффилд колледжіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім алды. Бұл жерде ол философиядан 1993 жылы магистратура және 1995 жылы докторантурасын алды.[15][17]
Қаржыгер мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Карни Goldman Sachs-та 13 жыл өткізді[18] және оның Бостон, Лондон, Нью-Йорк, Токио және Торонто кеңселерінде жұмыс істеп көрген.[19] Ұйымда түрлі лауазым иелеген ол Оңтүстік Африка Республикасындағы пост-апартеидтік халықаралық облигациялар нарығына шығуына көмек көрсетті, 1998 жылғы Ресей экономикалық дағдарысына қатысты қызмет етті.[7]
2003 жылы Карни Канада банкі төрағасының орынбасары ретінде тағайындалуына байланысты Goldman Sachs-тан кетті.[20] Бір жылдан кейін, 2014 жылғы 15 қарашадан ол Канада Қаржы департаменті министрінің аға біріккен орынбасары қызметінде болды.[21]
2004 жылғы қарашадан 2007 жылғы қазанға дейін Карни Канада Қаржы департаментінде министрдің аға қосалқы орынбасары және Үлкен жетілікке қатысты орынбасары болды.
Канада банкінің губернаторы (2008–2013)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2007 жылғы қазанда Карни Канада банкінің губернаторы болып тағайындалды.[22] Карни бұл лауазымға 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысының басында тағайындалды. Тағайындалған кезде Карни Үлкен сегіздік пен Үлкен жиырмалық елдерінің арасындағы ең жас орталық банк губернаторы еді.[23]
Ағылшын банкісінің губернаторы (2013–2020)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2012 жылғы 26 қарашада Ұлыбритания Қазынашылығының канцлері Джордж Осборн Карниді Ағылшын банкісінің губернаторы ретінде тағайындайтынын жария қылды.[24] 2013 жылғы 1 шілдеде ол ресми түрде Мервин Кингтің ізбасары болды.[25] Карни Ағылшын банкісінің 1694 жылы құрылғанынан бергі тұңғыш британдық емес төрағасы болды. 2013 жылы Банкқа қосымша өкілеттік берілді, соның ішінде банк капиталына қойылатын талаптарды белгілеу қабілеті болды.[26]
Губернаторлықтарынан кейін (2020–2024)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2020 жылы Карни Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның көптеген бейресми кеңесшілерінің бірі болды, Карниге COVID-19 пандемиясына қатысты үкіметтің экономикалық әрекеті туралы кеңес беру тапсырылды.[27][28][29]
2020 жылғы қазанда Карни Brookfield Asset Manager вице-президенті болды, бұл лауазымда фирманың экологиялық, әлеуметтік және корпорациялық саясатына және импакт-инвестициялауына жауапты болды.[30][31][32][33]
Саяси мансабының басы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Карни сөзінше, 2012 жылы премьер-министр Стивен Харпер сол кезде Канада банкінің губернаторы болған Карниден Қаржы министрі лауазымына тағайындалғанын қалаған-қаламағанын сұраған. Карни бұл лауазымнан «бас тарттым» деді, 2025 жылғы ақпандағы сұхбатта «банкирден бірден сайланбалы қызметке келсем бұрыс болар» деп ойлағанмын деді.[34]
2024 жылғы 9 қыркүйекте Джастин Трюдо Карниді Канада Либералдық партиясы көшбасшысының Экономикалық өсім жөніндегі жұмыс тобының төрағасы етіп тағайындады.[35] Христя Фриландтың отставкасы жайлы сөзінде Трюдо кабинетіндегі қаржы министріне ықтимал кандидат ретінде Карнидің есімі аталып кеткен еді.[36][37][38]
Либералдық партия көшбасшысы (2025–)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2025 жылғы сайлануға кампаниясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2025 жылғы 16 қаңтарда Карни Канада Либералдық партиясы көшбасшылығына өз үміткерлігін ұсынды.[39] Карни, оған қоса, сайлауалды кампаниясына бүкіл назарын аударту үшін барлық атқарушы, мүшелік, кеңесші лауазымдарынан кеткенін жариялады.[40][41] 9 ақпанға қарай оның кампаниясы 11 000 астам адамнан 1,9 миллион доллар қайырмалдық жинады және Карнидің өзі 66 түрлі Либералдық кокус мүшелерінен қолдау көрді.[42] Сайлаудың тұңғыш айналымында Карни жалпы дауыстың 85,9 % жинап алды да, Либералдық партия көшбасшысы болып сайланды.[43][44]
Канада премьер-министрі (2025–)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2025 жылғы 14 наурызда, Либералдық партия көшбасшылығын жеңгеніне 5 күн болғанда, Марк Карни ант беріп, ресми түрде 24-Канада премьер-министрі болды.[45][46][47] Ол — территорияларда туған елдің тұңғыш премьері, Онтариодан батысқа қарай туған үшінші премьер (Джо Кларк пен Ким Кэмпбеллден кейін), докторантурасы бар екінші премьер (Уильям Лайон Макензи Кингтен кейін), бұрын сайланбалы қызметте болмаған тұңғыш премьер.[48][49]
Өкілеттігін жақында ғана бастаған Карни 23 наурызда парламент ыдырауын және федералдық сайлау өтетінін жариялады.[50] Сайлауалды кампаниясында Дональд Трампқа қарсылығын және Канада халқы бірлігін қалағанын жиі айтқан Карни[51] сайлауда Либералдар партиясын жеңіске әкелді де, ресми түрде өз лауазымына қайта сайланды.[52]
Өз өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Марк Карни — Канада, Ұлыбритания және Ирландия азаматы.[53][54] 2025 жылы ол британдық және ирландиялық азаматтықтарынан бас тартатынын айтты.[55] Карни Эвертон футбол клубын қолдайды және оның Ливерпульда тұратын жамағайыны бар.[56]
Карни британдық экономист[8] әйелі Диана Фокс Карнимен[57] Оксфорд университетінде танысты.[8] Жұп 1994 жылғы шілдеде үйленді, Карни бұл кезде докторантурасын бітіріп жатқан еді.[58] Олардың төрт баласы бар және олар бастапқыда Торонтода, кейін Оттавада және 2013 жылдан бастап Лондонда тұратын.[7] 2020 жылы Ағылшын банкісінің төрағалығынан кеткен Карни Оттаваға оралды.[59]
Карни — машық католик.[60] Карни французша кішкене сөйлейді.[61][62][63]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Diana Fox Carney (ағыл.). Skoll Foundation. Тексерілді, 19 қаңтар 2025. Мұрағат көшірмесі 21 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Thomas, Daniel; Nicolaou, Anna. Bloomberg overhauls management team with Mark Carney to lead new board, Financial Times (21 тамыз 2023). Тексерілді 17 шілденің 2024.
- ↑ Mark Carney (ағыл.). Glasgow Financial Alliance for Net Zero (8 June 2021). Тексерілді, 9 ақпан 2024. Мұрағат көшірмесі 6 ақпанның 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ McGregor, Glen E. [@glen_mcgregor] (January 16, 2025). "Mark Carney says he is no longer an executive at Bloomberg, Brookfield, Stripe or other companies..." (Tweet) – via Twitter.
- ↑ Марк Карни Канаданың жаңа премьер-министрі болады (қаз.). kaz.inform.kz (10 наурыз 2025). Тексерілді, 17 наурыз 2025.
- ↑ Bank of Canada Governor Mark Carney, CBC News (26 қараша 2012). Тексерілді 16 наурыздың 2021.
- ↑ a b c d e f g Scoffield, Heather (2008-01-25). "Mark Carney takes up his mission [March 30, 2009 update"] (print, online news report). The Globe and Mail: B1, B4–5. https://www.theglobeandmail.com/report-on-business/mark-carney-takes-up-his-mission/article18442482/?page=all. Retrieved 2016-06-24. Мұрағат көшірмесі 16 шілденің 2015 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ a b c d e Belluz, Julia One-on-One with Mark Carney. Reader's Digest (21 сәуір 2011). Тексерілді, 24 маусым 2016. Мұрағат көшірмесі 23 маусымның 2016 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Globe and Mail Staff (2009-12-14). "Carney, Robert James, Ph.D., Professor Emeritus, University of Alberta" (Obituary). The Globe and Mail. http://v1.theglobeandmail.com/servlet/story/Deaths.20091214.93216996/BDAStory/BDA/deaths. Retrieved 2016-06-24. Мұрағат көшірмесі 26 қарашаның 2015 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Staff (1957). "Marriages: Carney-Kemper" (in en) (bulletin entry). UBC Alumni Chronicle, Autumn (Vancouver: University of British Columbia): 38. http://www.library.ubc.ca/archives/pdfs/chronicle/AL_CHRON_1957_3.pdf. Retrieved 2016-06-24. "Carney-Kemper. Robert James Martin Carney, B.A.'57, to Verlie Margaret Kemper". Мұрағат көшірмесі 6 қыркүйектің 2020 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ a b Robert Carney's Obituary on Edmonton Journal. Edmonton Journal. Тексерілді, 20 шілде 2016. Мұрағат көшірмесі 12 маусымның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Wilson, James Irishman 'considering' running to replace Trudeau as Canadian Prime Minister. News Talk (17 қаңтар 2025). Тексерілді, 17 қаңтар 2025.
- ↑ Election of Carney in Canada 'very positive' for Ireland. RTÉ News (10 наурыз 2025). Тексерілді, 11 наурыз 2025. Мұрағат көшірмесі 12 наурыздың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Rana, Abbas Carney expected to launch Liberal leadership bid in Edmonton Thursday: sources. The Hill Times (13 қаңтар 2025). Тексерілді, 14 қаңтар 2025. Мұрағат көшірмесі 14 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ a b Mark Carney – Governor, Bank of England (ағыл.). Ағылшын банкісі. Тексерілді, 20 шілде 2016. Мұрағат көшірмесі 10 қыркүйектің 2019 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ 1986–87 Harvard Men's Ice Hockey Profile (historical tab) (ағыл.). Гарвард университеті. Тексерілді, 31 қаңтар 2025. Мұрағат көшірмесі 18 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ CBC News Staff (2007-10-04). "Mark Carney named next Bank of Canada governor" (news brief). CBC News (Ottawa: The Crown). https://www.cbc.ca/news/business/mark-carney-named-next-bank-of-canada-governor-1.638514. Retrieved 2016-06-24. Мұрағат көшірмесі 8 қазанның 2007 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Peter S. Goodman. As Britain Confronts 'Brexit,' a Canadian Takes Center Stage: Mark Carney, The New York Times (16 қыркүйек 2016). Тексерілді 29 ақпанның 2020. Мұрағат көшірмесі 6 қыркүйектің 2020 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Broughton, Philip Delves. Profile: Mark Carney – the hockey playing Goldman Sachs banker who is the new boss of the Bank (ағыл.), Evening Standard (27 November 2012). Тексерілді 3 сәуірдің 2018. Мұрағат көшірмесі 6 қыркүйектің 2020 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Bank of Canada announces Deputy Governor appointments (ағыл.). Канада банкінің ресми сайты. Тексерілді, 29 мамыр 2023. Мұрағат көшірмесі 29 мамырдың 2023 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Deputy Governor Mark Carney appointed Senior Associate Deputy Minister of Finance (press release). Ottawa: Канада банкі (21 қазан 2004). Тексерілді, 24 маусым 2016. Мұрағат көшірмесі 18 қаңтардың 2020 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Mark Carney Appointed Governor of the Bank of Canada (press release). Ottawa: Канада банкі (4 қазан 2007). Тексерілді, 24 маусым 2016. Мұрағат көшірмесі 26 шілденің 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Vieira, Paul. Carney vaults over heir apparent for Bank of Canada top job, National Post (4 қазан 2007). Тексерілді 4 қаңтардың 2008. Мұрағат көшірмесі 20 мамырдың 2011 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Chu, Ben George Osborne gets his man: Mark Carney named as new Bank of England Governor (ағыл.). The Independent (27 November 2012). — «The panel put forward Mr Carney's name to the Chancellor, who then consulted the Prime Minister and the Deputy Prime Minister before announcing his decision.» Тексерілді, 2 сәуір 2020. Мұрағат көшірмесі 7 сәуірдің 2020 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Peston, Robert Mark Carney named new Bank of England governor (ағыл.). bbc.co.uk (26 November 2012). Тексерілді, 24 маусым 2016. Мұрағат көшірмесі 26 қарашаның 2012 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Schumpeter. The Bank of England's new governor: Canada home and dry (26 қараша 2012). Тексерілді 24 маусымның 2016. Мұрағат көшірмесі 4 наурыздың 2016 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Mark Carney gives Canada low marks for pandemic preparedness, A+ for benefit spending (ағыл.). CBC News (14 January 2021). Тексерілді, 14 қаңтар 2025. Мұрағат көшірмесі 15 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Argitis, Theophilos; Bolongaro, Kait. Mark Carney helping Justin Trudeau craft economic recovery plan to pull Canada out of recession, Financial Post (10 тамыз 2020). Тексерілді 15 қаңтардың 2025.
- ↑ Cochrane, David. Former Bank of Canada governor Mark Carney advising PM on COVID-19 economic response, CBC News (10 тамыз 2020). Тексерілді 15 қаңтардың 2025.
- ↑ Deveau, Scott; Kelly, Jason. Mark Carney joins Brookfield to lead firm's expansion into ESG funds, Bloomberg News (26 тамыз 2020). Тексерілді 8 мамырдың 2021. Мұрағат көшірмесі 21 тамыздың 2023 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Mark Carney, ex-head of Bank of Canada and Bank of England, joins Brookfield Asset Management, CBC News (26 тамыз 2020). Тексерілді 8 мамырдың 2021.
- ↑ Willis, Andrew. Former central banker Mark Carney joins Brookfield to lead environmental, socially driven investing (ағыл.), The Globe and Mail (26 August 2020). Тексерілді 20 қаңтардың 2021. Мұрағат көшірмесі 11 қаңтардың 2021 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Inman, Phillip Mark Carney takes on new job in Canada (ағыл.). The Guardian (26 August 2020). Тексерілді, 15 қазан 2024.
- ↑ Steven, Benjamin Lopez Mark Carney says former prime minister Stephen Harper asked him to be finance minister. CBC News (16 ақпан 2025). Тексерілді, 17 ақпан 2025. Мұрағат көшірмесі 17 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Mark Carney to lead Liberal economic task force ahead of next election (ағыл.). The Canadian Press. Тексерілді, 9 наурыз 2025. Мұрағат көшірмесі 9 қыркүйектің 2024 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Cochrane, David. Sean Fraser to leave federal cabinet as PMO pushes to add Mark Carney, CBC News (15 желтоқсан 2024). Тексерілді 17 желтоқсанның 2024.
- ↑ Fife, Robert. Trudeau told Freeland that Carney would replace her as finance minister over Zoom, The Globe and Mail (17 желтоқсан 2024). Тексерілді 11 ақпанның 2025. Мұрағат көшірмесі 10 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Huras, Adam. Mark Carney isn't joining the federal Liberals, says Dominic LeBlanc (ағыл.), National Post (18 December 2024).
- ↑ Yousif, Nadine. Mark Carney runs for leader of Canada's Liberal Party, BBC News (16 қаңтар 2025). Тексерілді 16 қаңтардың 2025. Мұрағат көшірмесі 16 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Carney cuts business ties to Brookfield and other boards as he launches bid for Liberal leadership (ағыл.), The Globe and Mail (16 January 2025). Тексерілді 18 қаңтардың 2025. Мұрағат көшірмесі 18 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Odeh, Layan Carney Leaves Brookfield for Political Run, Flatt Named Chairman (ағыл.). BNN Bloomberg (16 January 2025). Тексерілді, 18 қаңтар 2025. Мұрағат көшірмесі 17 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Mark Carney's leadership campaign says it's raised $1.9M (ағыл.) (16 February 2025).
- ↑ Liberal leadership race: Mark Carney elected in a landslide, CBC News (9 наурыз 2025). Тексерілді 9 наурыздың 2025. Мұрағат көшірмесі 9 наурыздың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Rachel Aiello; Mary Nersessian; Phil Hahn Results are in, Mark Carney wins Liberal leadership race. Follow for live updates. (ағыл.). CTVNews (9 March 2025). Тексерілді, 9 наурыз 2025.
- ↑ Tasker, John Paul. Carney sworn in as prime minister with a reworked cabinet filled with new faces, CBC (14 наурыз 2025). Тексерілді 14 наурыздың 2025.
- ↑ Jillian Kestler-D'Amours; Ali Harb. Canada live news: Mark Carney sworn in as prime minister amid Trump threats, Әл-Жазира телеарнасы (14 наурыз 2025). Тексерілді 14 наурыздың 2025.
- ↑ Isai, Vjosa. Mark Carney Becomes Canada's Prime Minister at Crucial Moment (ағыл.), The New York Times (14 March 2025). Тексерілді 14 наурыздың 2025. Мұрағат көшірмесі 14 наурыздың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Yousif, Nadine. Mark Carney runs for leader of Canada's Liberal Party, BBC News (16 қаңтар 2025). Тексерілді 16 қаңтардың 2025. Мұрағат көшірмесі 16 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Tunney, Catharine In landslide win, Liberal Party chooses Mark Carney as new leader and next PM. CBC News (9 наурыз 2025).
- ↑ McCluskey, Mitchell Canadian PM Mark Carney announces election as he seeks mandate to tackle Trump (ағыл.). CNN (23 March 2025). Тексерілді, 5 мамыр 2025.
- ↑ Murphy, Jessica Why the Liberals won - and Conservatives lost (ағыл.). BBC News (1 May 2025). Тексерілді, 5 мамыр 2025.
- ↑ Канадада парламент сайлауында либералдық партия озды (қаз.). Азаттық радиосы (29 сәуір 2025). Тексерілді, 5 мамыр 2025.
- ↑ Full transcript: Mark Carney talks to Jon Snow (ағыл.), Channel 4 News (13 November 2013). Тексерілді 1 наурыздың 2020.
- ↑ O'Brien, Fergal BOE Governor Carney Fulfills Promise by Becoming U.K. Citizen (ағыл.). Bloomberg (22 November 2018). Тексерілді, 27 қараша 2018. Мұрағат көшірмесі 31 шілденің 2019 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Lopez Steven, Benjamin Mark Carney says he's begun the process of renouncing Irish, U.K. citizenship. CBC News (1 наурыз 2025).
- ↑ Mark Carney is an Everton fan... but his wife supports Arsenal. The Daily Telegraph (13 ақпан 2013). Тексерілді, 3 сәуір 2018. Мұрағат көшірмесі 29 маусымның 2018 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Carney, Diana Diana Fox Carney (Biography) (ағыл.). Skoll. Тексерілді, 17 қаңтар 2025. Мұрағат көшірмесі 21 қаңтардың 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ General Register Office. England and Wales Civil Registration Indexes. Bullingdon Registration District, Oxfordshire. Volume 699 Page 574.
- ↑ Seal, Thomas Carney, Freeland and Cabinet Ministers Are Among the Contenders to Succeed Trudeau (ағыл.). BNN Bloomberg (6 January 2025).
- ↑ Mark Carney in the service of mammon – and God (ағыл.). Evening Standard (16 August 2013). Тексерілді, 7 ақпан 2024.
- ↑ Blais, Éric Éric Blais: Is Mark Carney's French good enough for a would-be Prime Minister? (ағыл.). Toronto Star (25 February 2025). Тексерілді, 28 ақпан 2025. Мұрағат көшірмесі 28 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Débat du Parti libéral du Canada: bel effort en français, mais.... Тексерілді 28 ақпанның 2025. Мұрағат көшірмесі 28 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
- ↑ Opinion: Will Mark Carney's weak French be his Achilles' heel in Quebec? (ағыл.), The Globe and Mail (26 February 2025). Тексерілді 28 ақпанның 2025. Мұрағат көшірмесі 27 ақпанның 2025 Wayback Machine мұрағатында
|
- 16 наурызда туғандар
- 1965 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Солтүстік-Батыс территорияларында туғандар
- Канада орденінің офицерлері
- Үлкен жиырмалық басшылары
- Алфавит бойынша ғалымдар
- Канада экономистері
- Канада саясаткерлері
- Гарвард университеті түлектері
- Оксфорд университеті түлектері
- Манитоба университеті құрметті докторлары
- Экономика ғылымдарының докторлары
- Ағылшын банкісі губернаторлары
- Канада банкі губернаторлары
- Канада Либералдық партиясы көшбасшылары
- Канада премьер-министрлері
- Қазіргі мемлекет басшылары